1995 жылдың 18 сәуірінде Қазақстандағы ең алғашқы бедеулікті ЭКҰ әдісімен емдеу зертханасы — «Экомед» клиникасының тарихы басталды. Сол кезде біздің ұжым еліміз үшін нағыз ғылыми серпіліс жасады: алғашқы сәтті эмбрион тасымалы жүзеге асырылып, артынан ұзақ күткен жүктілік келді. Ал 1996 жылдың 31 шілдесінде Қазақстанда алғашқы «сынауықтан шыққан» нәресте дүниеге келді. Оның авторы — биология ғылымдарының докторы, «Экомед» клиникалар желісінің негізін қалаушы әрі ғылыми жетекшісі Салтанат Байқошқарова.
Бүгінде, Қазақстанда ЭКҰ әдісінің пайда болғанына 30 жылдан астам уақыт өткенде, біздің жұмысымыз үлкен бақыт тарихына айналды — біз бақытты отбасылардың тұтас «қалашығын» құраған мыңдаған сәбиге өмір сыйладық!
Әлеуметтік жауапкершілік және әрбір пациентке қамқорлық
Үлкен той-томалақтан қарағанда, бала сүюді армандаған жандарға шынайы көмек көрсету әлдеқайда маңызды екеніне сенімдіміз. Бедеулікті ЭКҰ әдісімен емдеу жоғары технологиялар мен белгілі бір қаржылық шығындарды талап ететінін түсіне отырып, «Экомед» отбасыларға арналған қаржылық қолдау бағдарламалары мен жеңілдіктерді жүйелі түрде іске қосады:
- Жеңілдетілген емдеу бағдарламалары: ЭКҰ бағдарламасының қайталанатын кезеңдеріне арналған арнайы қаржылық шарттар.
- Үздік сарапшылардың өңірлердегі қабылдаулары: білікті медициналық көмек шектеулі Қазақстан өңірлеріндегі репродуктологтардың тегін консультациялары.
- Қайырымдылық бастамалары: «бедеулік» диагнозы бар жуптарға жүйелі қолдау көрсету және балаларға арналған әлеуметтік жобаларға көмектесу.
«Біздің басты миссиямыз — жоғары технологиялы медицинаны қолжетімді ету және әрбір отбасының ата-ана атануына көмектесу. Бұл қадамның қаншалықты маңызды екенін білеміз, сондықтан бұл жолды сізбен бірге — алғашқы консультациядан бастап тесттегі ұзақ күткен қос сызыққа дейін бірге өтеміз», — «Экомед» клиникалар желісінің ұжымы.
Бұл неліктен дәл қазір маңызды?
Қазақстанда бедеулік мәселесі әлі де өзекті: статистика бойынша отбасылардың шамамен 15%-ы бала сүюде қиындықтарға тап болады — бұл ДДҰ (ВОЗ) деңгейі бойынша ұлттық демографиялық мәселе ретінде бағаланады. Жыл сайын 20 мыңнан астам жұп бұл мәселені шешу жолын іздейді және олардың жартысына жуығы қосымша репродуктивті технологияларға (ҚРТ) мұқтаж.
Классикалық емдеу әдістері нәтиже бермеген жағдайда, ЭКҰ ең сенімді әрі тиімді шешімге айналады.



