Фармацевтикалық «SDK-Фарм» ЖШС компаниясы сертификаттаудан сәтті өтіп, ресми GDP(Good Distribution Practice / Тиісті дистрибьюторлық практика) сертификатын алу арқылы өзінің дамуындағы маңызды қадамды жасады.
Бұл мәртебе компанияның халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін және базарға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сенімді дистрибьюторы ретінде ресми түрде шыққанын растайды.
GDP сертификаты нарық пен серіктестер үшін нені білдіреді?
GDP стандарты — бұл фармацевтикалық өніммен жұмыс істеудің әрбір кезеңін реттейтін халықаралық нормалар мен ережелер жүйесі: тауарды қоймаға қабылдаған сәттен бастап оны соңғы тұтынушылар мен медициналық мекемелерге жеткізгенге дейінгі процесті қамтиды.
GDP сертификатын алу «SDK-Фарм» ЖШС төмендегілерді қамтамасыз ететініне кепілдік береді:
- Температуралық режимді қатаң бақылау: Заманауи қойма жабдықтары мен мамандандырылган көліктің болуы термолабильді препараттар үшін «суық тізбек» сақтау және тасымалдау шарттарын бұлжытпай орындауға мүмкіндік береді.
- Өнімнің қауіпсіздігі мен түпнұсқалығы: Көпсатылы сапаны бақылау жеткізу тізбегіне жасанды, контрафактілік немесе сапасыз дәрілік заттардың түсу қаупін жояды.
- Толық қадағалану: Тауардың әрбір партиясы қозғалысының ашық тарихына ие, бұл реттеуші органдар мен клиенттер тарапынан жоғары сенімділікті камтамасыз етеді.
- Логистиканың жоғары стандарттары: Оңтайландырылған қоймалық есепке алу процестері мен жедел жеткізу тапсырыстарды орындау мерзімін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Жаңа көкжиектер мен мүмкіндіктер
Сертификатталған GDP-дистрибьютор мәртебесі «SDK-Фарм» ЖШС үшін серіктестік желісін кеңейтуге кең мүмкіндіктер ашады. Компания отандық және шетелдік фармацевтикалық өндірушілермен, дәріхана желілерімен, сондай-ақ мемлекеттік және жеке медициналық мекемелермен толыққанды ынтымақтастыққа дайын.
«GDP сертификатын алу — бұл бүкіл ұжымымыздың жүйелі әрі қажырлы еңбегінің нәтижесі. Біз қауіпсіздік пен сапаның ең қатаң талаптарына жауап беретін инфрақұрылым құрдық. Серіктестеріміз үшін бұл маңызды белгі: «SDK-Фарм» ЖШС — бұл тұрақтылық, дәлдік және фармацевтикалық логистикаға еуропалық көзқарас», — деп атап өтті компания басшылығы.
«SDK-Фарм» ЖШС компаниясы туралы
«SDK-Фарм» ЖШС фармацевтика нарығында заманауи технологияларды енгізуге, менеджменттің жоғары стандарттарына және соңғы пациенттердің денсаулығына қамқорлық жасауға басымдық бере отырып, қарқынды дамып келеді. Қызмет бағыттарын кеңейту және GDP-дистрибьютор мәртебесін алу — компанияның дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің сенімді әрі тиімді жүйесін құру жөніндегі стратегиясын іске асырудың кезекті кезеңі.



